Сағымбай ҚОЗЫБАЕВ, Қазақстан Журналистер академиясының президенті: Болаттай берік болайық!

Сағымбай ҚОЗЫБАЕВ,  Қазақстан Журналистер академиясының президенті: Болаттай берік болайық!
сурет: Almaty-akshamy.kz

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 29 тамызды Жамбыл облысындағы жарылысқа байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялағанын қолдаймыз. Байзақ ауданында орын алған жарылыс үлкен қасірет болды. Болған іске болаттай берік болғаннан басқа біздің қолдан келер шара жоқ.  Жақындарынан айырылған жандарға ел болып қайғырып көңіл айтамыз. Сабырға шақырамыз! Айтып келмеген апатта қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлікпен ел үшін жандарын қиюға дайын екенін көрсетті. Бейбіт елдің батырларын халық ешқашан ұмытпай, ұлықтап жүретіні анық. Жарылыс ошағына жақын елді мекендердегі тұрғындарды қауіпсіз орынға көшіру процесі жүріп жатыр. Бұл жолғы жарылыстың себебі әлі белгісіз. Сондықтан сабырлы болу керек! Халқымыз аман, жұртымыз тыныш болсын! Аллам қайғылы апаттардан сақтасын!