Саяси сауаты артып келеді

Әсел ҚҰРМАНБЕК, Алматы қаласы мәслихатының депутаты:

 Президенттің «Парламент ел мүддесі үшін аянбай еңбек етуі керек» деген сөзін қос қолдап қолдаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде көптеген мәселелерге тоқталды. Президент Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына байланысты елімізде кешенді реформалар жүргізілетінін айтты. Басты басымдылық – халықтың әл-ауқаты, тұрмыс сапасын жақсартуға жұмсалады. Тиімді мемлекет пен әділетті қоғам құруға күш-жігерімізді бағыттаймыз деген сөздері жастардың алға ұмтылуын талпындыра түсті деп ойлаймын. Президент атап өткендей, халық экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың нақты нәтиже бергенін қалайды. Халықтың саяси сауаты жоғарылап келеді. Сондықтан құқықтық мемлекетті дамытудың маңызы зор. Мемлекет басшысы баса назар аударған мәселенің бірі – білім беру саласындағы реформалардың алға ілгерілеуі. Алдағы уақытта осы саладағы жұмыстарды жетілдіре түсу қажеттігін де тілге тиек етті. Президент отандық денсаулық сақтау саласына да ерекше тоқталды. Президент үнемі еңбек етіп жүрген жастарға мемлекет тарапынан қолдау білдірілу қажеттігін алға тартты. Сондай-ақ халықты үнемі алаңдататын еңбекпен қамту, отандық зейнетақы жүйесі Мемлекет басшысының назарынан ешқашан тыс қалған емес. Ол өзі атап өткен өзекті мәселелердің ең алдымен Парламентте талқылануы тиіс екенін айтты. Президенттің алға қойған әрбір мақсаты іске асады, ел үшін істеп жатқан еңбегі еленеді деп сенемін.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *