Сатып алынатын жерлердің ақшасы төленеді. Қаржы бар

Сатып алынатын жерлердің ақшасы төленеді. Қаржы бар
YouTube

Метроға байланысты сатып алынатын жерлердің ақшасын мамырдың соңына дейін төлеу жоспарланған

Сұрақ:
- Метро салуға байланысты Әшімовтан төмен қарай Наурызбай ауданында жерлерімізді әкімшілік сатып алып жатыр. Соған былтыр бағалау жұмыстарын жасап, желтоқсан айында ақшаларыңызды аласыздар деді. Бірақ ол кезде бермеді. Енді мамырдың 10-ы деп еді, тағы жоқ. Сізден сұрайтынымыз – осы сұрақты тезірек шешіп берсеңіз. 

Қала әкімі Ерболат Досаевтың жауабы:
- Өткен аптада бағалау жұмыстары жүргізілді. Енді әрқайсыңызды жеке шақыратын болады. Тиісті шартқа қол қоясыздар. Қаражат бар. Маған енді осы қол қойған қағаздар керек. Одан кейін бірден төлеп береміз. Мен алдында мамыр айының соңына дейін сатып алатын жерлердің сұрақтарын шешіңдер деп тапсырма бергенмін.