Сатып алған тауарды қайта өткізуге бола ма?

Сатып алған тауарды қайта өткізуге бола ма?
Сурет: 24.kz

Дүкендер мен базарлардан «тауарды ауыстыруға, қайтаруға болмайды» деген жазуларды жиі көруге болады.

Заңгер Венера Нұрғалиқызының айтуынша, бұл – заңға қайшы, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңының 14-бабына сәйкес, сіз сатып алған тауарды ұнатпасаңыз немесе пішіні келмей қалса, басқа тауарға ауыстырып алуға құқылысыз немесе сол сияқты тауар болмаған жағдайда, сатушы төленген ақшаны қайтарып беруге міндетті.

Ал сатушы тауарды ауыстырып беруден бас тартса немесе ақшаны қайтарып беру бойынша қиындықтар туындап жаста, Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне арыз жазуға болады.

"Заң бәрімізге бірдей. Тек ескере кететін жайт, егер тауар бүлінген жағдайда сатушы айырбастауға да, ақшаны қайтармауға да құқылы", - деді заңгер.

Сонымен қатар заңға сәйкес, кейбір тауарды ауыстыруға және қайтаруға болмайды.

Ол тізімге:

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар;

Іш киімдер;

Шұлық бұйымдары;

Жануарлар мен өсімдіктер жатады.