Самат Әбіш Түркияда тұрып жатыр

Самат Әбіш Түркияда тұрып жатыр
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Оның түрік жеріне тұрақтауына президент Ердоған мен түріктің Ұлттық барлау қызметі рұқсат берген.

Назарбаевтың немере інісі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіштің қазір қайда тұрып жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz DALA INSIDE Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Арнаның мәліметінше, экс-шенеунік қазір тыныш қана Түркияда тұрып жатыр. Осы күнге дейін барымта-сырымтамен тапқан капиталы оған уайым-қайымсыз өмір кешуге мүмкіндік береді.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша, Саматтың түрік жерінен тұрақ табуына президент Ердоған мен түріктің Ұлттық барлау қызметі (Milli İstihbarat Teşkilatı, MIT) рұқсат берген.