Салмағы алты келіден асатын сәби дүниеге келді

Салмағы алты келіден асатын сәби дүниеге келді
Сурет: Tengrinews.kz

Шымкентте салмағы 6 келіден асатын алып нәресте дүниеге келді

Inform.kz жазуынша, сәбидің салмағы 6 келі 50 грамды құраған. Ал бойы - 63 см. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бес күн перзентханада жатқан олар үйлеріне шықты. Дегенмен дәрігерлер бақылауды үзген жоқ.

«Шымкент қалалық перзентханасында тәулігіне 30-35 нәресте өмірге келеді. Сондай арпалыс күндердің бірінде "жедел жәрдем" қызметкерлері жүкті келіншекті алып келді. Оның жүктілігі 39 апта екен. Тексеру барысында іштегі баланың салмағы үлкен екендігін анықтадық. Содан дәрігерлер кеңесе келе, ота жасадық. Барлығы сәтті өтті», - дейді Шымкент қалалық перзентханасының акушер-гинеколог дәрігері Жарқын Данияров.