Сәби сатқандар сотталды

Сәби сатқандар сотталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Жамбыл облысында нәресте сатқан акушерлер сотталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Бір сотталушының жас балаларының болуы жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырылды. Жамбыл облысында жаңа туған нәрестені сотқан акушерлер 8 жылға сотталды», деп мәлімдеді облыстық сот.

Жүкті әйел былтыр қарашада жүктілікті мерзімінен бұрын тоқтатпақ болады.

"Ол аурухананың перзентхана бөлімінің акушеріне хабарласқан. Дәрігер пациент жүктілігін отбасынан жасырғанын түсініп, өзінің әріптесінен босанғаннан кейін баланы сатуға көмек сұраған", - дейді сот.

Осылайша акушерлер жаңа туған нәрестені 1,5 млн теңгеге сатқан.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің заңды өкілінің, куәлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындысымен дәлелденді. Сотталушылар кінәсін ішінара мойындады.

Бұндай қылмыс жасағандарға ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмағандар саудасы" бойынша 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

"Бір сотталушының жас балаларының болуы жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін,ескере отырып, сотталушылар 8 жылға бас бостандығынан айырылды", - дейді ведомство.