Рүстем ӘБДІРАШЕВ, режиссер: Өз таңдауымды жасадым

Рүстем ӘБДІРАШЕВ, режиссер: Өз таңдауымды жасадым
almaty-akshamy.kz

– Қоғамда жаңа, әділетті өзгерістер болып жатыр. Сайлауда мықты азаматтар мен азаматшалар бақ сынауда. Халықтың сөзін сөйлеп, мұң-мұқтажын көтеріп жүрген жандар өтіп жатса, ақырындап жақсы өзгеріс болады. Ең бастысы, эволюциялық тұрғыдан жаңару болады деп ойлаймыз. Қатысып жатқан адамдардың көбін, азамат ретінде, ұлт жанашыры деп танимыз. Байыпты пікір айтып, қоғамның өзекті мәселесіне араласып жүрген азаматтар баршылық. Тағы қайталап өтейін, мұның бәрі игі өзгерістің нышаны деген ойдамын.

Жұрт қатарлы өз үміткерімізге дауыс беруді дұрыс көрдім. Өзім тіркелген №493 сайлау учаскесінде таңдау жасадым. Ендігі кезекте халық үміт артқан сайланушылардың адал еңбек етуіне тілектестік білдіреміз.

Ел Парламентіне ұлтына жанашыр, ел-жұртына қамқор адамдар келсе екен. Себебі заң қабылдайтын адамдар солар болады. Сондықтан әр саланың мамандары Парламент мінберінен көрініп, түйткілді тарқатуға тырысса демекпіз.