Ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында

«Дүниенің кілті –білімде» болғандықтан,ұрпақ тәрбиелеп жатқан ұстаздарға деген талап та жыл санап арта түсуде. Әсіресе, ұстаздың біліктілігін жетілдіретін түрлі байқаулар олардың танылуына қолдау көрсетеді. Осы бағытта жыл сайын  Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп келе жатқан дәстүрлі  «Үздік педагог» байқауы биыл да жалғасын тапты.  Алғашқы  кезеңі М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда  өтті.

Берері көп байқаудың негізгі  мақсаты –  қазіргі таңдағы педагог мәртебесін көтеру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді анықтау, заманауи озық үлгідегі сандық технологиямен жұмыс жасайтын педагог қызметкерлердің бір-бірімен тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, білім беру үдерісінде жаңашыл педагогикалық идеяларды насихаттау,  шығармашыл педагог қызметкерлерге қолдау көрсету болып табылады. Байқау шартына сай,сайысқа   гимназияның  бес жылдан  кем емес  еңбек өтілі бар ұстаздары қатысты.

Ең алдымен,  педагогтер пән бойынша тест тапсырмаларын орындап, келесі кезекте, қатысушының құжаттары мен эссе жұмыстарына сараптама жасалды. Осыдан кейін қатысушылар шығармашылық жұмыстарын қорғады. Ең соңында  ережеге  сай,  оқушылармен онлайн  ашық сабақ өткізді. Байқау барысында дарындылығымен, білім берудегі озық инновациялық әдістерімен ерекшеленген  Нөкербан Бексұлтан «Жаңашыл ұстаз» номинациясын иеленді.Сонымен қатар,   Ләйла Сатымбаева   «Кәсіби шебер ұстаз», Айкүміс Бесірова  «Талантты ұстаз» номинациясымен марапатталды.

Шығармашылық жұмыстарының басым бөлігі ғылыми әрі   әдістемелік  тұрғыда құнды деп танылған Дәурен   Сағынғалиев «Гимназияның үздік педагогі» номинациясын иеленді.

Жүзден жүйрік, мыңнан оза шапқан Дәурен Наурызбайұлы қаладан озып,  республикада танылады деп сенім білдіреміз.

Рая Ескендір

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *