Рим папасы кедейлік пен теңсіздік жайын тілге тиек етті

Рим папасы кедейлік пен теңсіздік жайын тілге тиек етті
Сурет: Azh.kz

 Түрлі індеттер мен басқа да қасіреттер кедейліктің кесірінен тарауда.

Мұндай пікірді Рим Папасы Франциск  Елорда төрінде өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Барлығына, әсіресе, қамқорлықсыз қалғандар мен мүмкіндігі жоқ адамдарға жақын болайық. Қоғамның ең әлсіз және кедей топтарына, үнсіз азап шегіп жатқан жандарға назар аударайық», - деді Понтифик.

Рим Папасының айтуынша, кедейліктің кесірінен түрлі індеттер мен басқа да қасіреттер тарап жатыр.

«Қазіргі кезде ең үлкен сын-қатер факторы ретінде әлі де кедейлік болып тұр. Кедейлік пен жанжалдық салдары зорлық-зомбылық пен сараңдыққа әкеледі. Теңсіздік пен әділетсіздікке тосқауыл қоймасақ, COVID-тен де жаман вирустарды, яғни өшпенділікті, зорлық-зомбылықты, терроризмді тоқтату мүмкін емес. Бұл өз кезегінде бізді планетарлық ауқымдағы екінші проблемаға әкеледі, осы мәселе ерекше түрде діндарларға қатысты болып тұр», - деді Рим Папасы.

Осы орайда Понтифик дін көшбасшылары әлемде шешілмей жатқан қақтығыстарды доғару үшін сабырға шақырып, өз үлесін қосуы керек екенін айтты.