Қазақстанда коммуналдық қызмет ақысы ТМД-ның басқа елдерінен арзан

Қазақстанда коммуналдық қызмет ақысы ТМД-ның басқа елдерінен арзан Сурет: Вaq.kz

Рейтингке 106 елдің көрсеткіші алынған.


Numbeo рейтингіне сәйкес, елімізде ауданы 85 шаршы метр болатын пәтердің коммуналдық қызмет ақысы айына 47 АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еnergyprom.kz-ке сілтеме жасап.


ТМД елдері ішінде Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері арзан болып есептеледі.



Numbeo рейтингіне сәйкес, елімізде ауданы 85 шаршы метр болатын пәтердің коммуналдық қызмет ақысы айына 47 АҚШ долларын құрайды. Орта есеппен оған бір жалақының (салықтарды алып тастағанда) 11,3%-ы жұмсалады. Десек те, коммуналдық тарифтердің әр тұрғынның қалтасына қаншалықты деңгейде әсер ететінін ескерген жөн.



Беларусьте коммуналдық төлемге орташа есеппен 56,9 АҚШ доллар, Ресейде 131,8 АҚШ доллар жұмсалады. Өзбекстан халқы коммуналдық қызметке орта есеппен айына 36,8 АҚШ доллар төлегенімен, оған бір жалақының 13%-ы кетеді. Достастық елдері бойынша Молдовада (132,3 доллар) коммуналдық қызмет үшін біршама көп қаржы кетеді.


Рейтингке 106 елдегі көрсеткіштер кірген. Соған сәйкес, коммуналдық қызмет ақысы ең қымбат ел – Эстония (255,4 АҚШ доллары).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04