Ресей Қазақстанды достықтан сызып тастады

Ресей Қазақстанды достықтан сызып тастады
Сурет: Қ.Қоныспаев

Қазақстанға Ресей валюта нарығында сауда-саттыққа жол берілмейтін болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

PRO Кадры kz Telegram-каналының хабарлауынша, Ресей Үкіметі банктер мен брокерлер Ресей валюта нарығына жіберілетін «достық және бейтарап елдердің» тізімін бекітті.

Олар - Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Алжир, Бангладеш, Бахрейн, Бразилия, Венесуэла, Вьетнам, Египет, Үндістан, Индонезия, Иран, Қатар, Қытай, Куба, Малайзия, Марокко, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Сербия, Тайланд, Түркия, Оңтүстік Африка Республикасы.

Бұл тізімде Қазақстан жоқ, оған тіпті Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдары да назар аударған.

«Бұл нормалар достық және бейтарап елдердің ұлттық валюталарын тікелей айырбастау механизмінің тиімділігін арттыруға және Ресей экономикасының ұлттық валютадағы есеп айырысуларға деген сұранысын қанағаттандыру үшін рубльге тікелей баға белгілеуді қалыптастыруға бағытталған», - деп хабарлайды Ресей Федерациясының Үкіметі.