Алматыда ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтеді

Алматыда ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтеді almaty-akshamy.kz

Алматыда 23-24 қыркүйекте сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін Абай облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтеді.  


Оған облыстың 6 ауданының, сонымен қатар, Семей қаласының фермерлері қатысады. Жәрмеңкеде 40-тан астам өнім – ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майлары және т.б. ұсынылады.


Өнімнің жалпы көлемі – 180 тонна, оның ішінде ет өнімдері – 30 тонна, жеміс – көкөніс өнімдері – 120 тонна, сүт өнімдері – 15 тонна, балық өнімдері – 5 тонна, басқалары-10 тонна.


Кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Ш.Уәлиханов алаңында (Шевченко көшесі, Қонаев көшесінен Пушкин көшесіне дейін) өтеді.


Назарларыңызды, 22-24 қыркүйекті қоса алғанда, сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін Абай облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін дайындау және өткізу кезінде Шевченко көшесі Пушкин көшесінен Қонаев көшесіне дейін жабылатынына аударамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14