Президент «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Динара Тілендиеваны қабылдады

Президент «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Динара Тілендиеваны қабылдады
Сурет: Akorda.kz

2025 жылы аса көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толады.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған маңызды оқиғаны кең көлемде атап өту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың телеграм каналына сілтеме жасап.

Кездесуде осы мерейтойға арнайы назар аударылды.

Динара Тілендиева Қазақстан Президентіне «Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің қызметі мен алдағы жоспары туралы мәлімет берді.