Президент Қазақстан құтқарушыларын кәсіби мерекемен құттықтады

Президент Қазақстан құтқарушыларын кәсіби мерекемен құттықтады
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға бақ-береке тілеймін!», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасына.

Құтқарушылар күні Қазақстанда жыл сайын 19 қазанда аталып өтеді. Кәсіби мерекенің бекітілуі елімізде Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық мемлекеттік комитеттің құрылуымен байланысты.