Пошта, танымал месенджерлер арқылы есірткі саудасымен айналысқан екі алматылық ұсталды

Пошта, танымал месенджерлер арқылы есірткі саудасымен айналысқан екі алматылық ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда есірткі қоюшылар ұсталды.

Бұл жолы есірткі қылмысымен 25 жастағы А. есімді азамат және 19 жастағы Н. есімді азамат айналысқан. Екеуі де алматылықтар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

"Есірткі сатушылар отырған Lexus көлігін полиция қызметкерлері Қайырбеков көшесінің бойынан тоқтатты. Көліктің ішінен жәшік табылды және тәркіленді, оның ішінде жасыл түсті, ерекше иісті, өсімдік заты бар екі полиэтилен байламы болды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 375,62 грамм марихуана екені дәлелденді. Сондай-ақ, аталған көліктің жүксалғышында 136 полиэтилен байламы табылды және тәркіленді, оның ішінде жабайы өсетін кендірдің ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік заттары оралған. Байламдардағы шөптің салмағы –  127,53 грамм", – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Жауап алу кезінде күдіктілер есірткі қоюшы ретінде “жұмыс істейтінін” мойындады. Тауарларды пошта арқылы, ал тапсырыстарды танымал мессенджер арқылы қабылданған.

"Күдіктілердің іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 5-тармағымен сараланады. Естеріңізге сала кетейік, бұл есірткі қылмысы үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – деді Ерлан Әлмағамбетов.