Португалияда пластикке тыйым салынды

Португалияда пластикке тыйым салынды
Сурет: Nb159.ru

Елде пластикке тыйым салатын құжат күшіне енді

Португалияда бір рет қолданылатын пластик өнімдерін сатуға тыйым салу туралы заң күшіне енді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Португалияда бір рет қолданылатын пластик өнімдерін сатуға тыйым салатын үкімет қаулысы күшіне енді», делінген Синьхуа агенттігі таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ қаулыда сусындар мен азық-түлік орамдарына арналған стакандар тұтынуды 2026 жылдың соңына қарай 80%-ға және 2030 жылдың соңына қарай 90%-ға азайту міндеті қойылғаны атап өтілді.

Португалия Қоршаған ортаны қорғау министрлігі осы мақсатқа жету үшін азық-түлік пен сусындарды тұтыну үшін қайта пайдалануға болатын контейнерлер берілетінін атап өтті.