Пияз экспортына тыйым салынған жоқ

Пияз экспортына тыйым салынған жоқ
Сурет: Inform.kz

Кейбір өңірлерде пияз бағасы 360 теңгеге дейін өсті

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі елде пияз экспортына тыйым салынбағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«22 шілде күні өткен Ведомствоаралық комиссия аясында пияз бағасының өсу мәселесі қаралды. Бүгінгі күні пияз экспортына шектеу жоқ»,-делінген хабарламада.

Кейбір өңірлерде пияз бағасы 360 теңгеге дейін өсті. Осыған байланысты Ведомствоаралық комиссия отырысында ҚР АШМ-ге ҚР СИМ Сауда комитеті және облыс әкімдіктерімен бірге бағаның өсу себептерін анықтау тапсырылған.

Ресми ақпарат көздеріне сүйенулеріңізді сұраймыз.