Пияз экспортына салынған тыйым алынды

Пияз экспортына салынған тыйым алынды
food.inmyroom.ru

Өзбекстан билігі қаңтар айында енгізілген пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 наурыздан бастап пияз экспортына қойылған уақытша шектеу Үкіметтің шешімімен алынып тасталды. Мұндай шешім ішкі нарықтағы пияз бағасының тұрақтауына байланысты қабылданды.

Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстанда бағаның күрт көтерілуінен кейін 1 қаңтардан бастап төрт айға пияз экспортына тыйым салынды.

Оған отын-энергетика кешенінде, логистика және өнімді тасымалдау жүйесінде үзілістерге әкелген қалыптан тыс суық себеп болды. Ол кезде пияздың табиғи шығыны 228 мың тоннаны құрады.