«Партия күнiн» атап өттi

«Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалының төрағасы, аудан әкiмi Бекқали Торғаев Партия күнiне арналған «Нұр Отан» партиясының кеңесiн өткiзiп, партия қатарына жаңа мүшелер қабылдады.

 

Айта кетейiк, 1999 жылдан берi 1 наурыз – елiмiзде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы күнi» болып аталып өтiлiп келедi. Шараға аудандық саяси кеңес мүшесi, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесiнiң басшысы және «Бителеком» АҚ президентi Халибек Берғарипов, аудандық саяси Бюроның мүшелерi мен бастапқы партия ұйымының төрағалары, медициналық мекемелердiң бас дәрiгерлерi мен аудан кәсiпорындарының басшылары қатысты.

Бүгiнгi таңда Алматы қаласында 74 526 адам «Нұр Отан» партиясының қатарында болса, оның 11 015-i Әуезов аудандық филиалының мүшесi болып табылады. Сондай-ақ, қалада барлығы 760 бастауыш партия ұйымдары бар болса, олардың 131-i осы ауданда орналасқан.

Шара соңында аудан басшысы қала әрi ауданның қоғамдық-саяси дамуына зор үлес қосқан партия белсендiлерiне алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар және гүл шоқтарын табыс еттi. Сонымен бiрге, «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Мұрат Омаров кеңес мүшелерi мен қалалық Мәслихат депутаттарының партия мүшелерiмен бiрiгiп атқарған жұмыстарына алғысын бiлдiрiп, алдағы уақытта да филиалдың жұмысын жандандыра түсетiнiне сенiмiн бiлдiрдi. Сондай-ақ, «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалы Мемлекет басшысының стратегиялық жоспарларын жүзеге асыруда тұрғындармен ауқымды да нәтижелi жұмыс жүргiзiлiп отырғанын атап өттi.

 

Сайрангүл ҚҰЛЕКЕНОВА, Әуезов ауданы әкiмiнiң баспасөз хатшысы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *