Парламент отырысы қаңтар құрбандарын үнсіздікпен еске алудан басталды

Парламент отырысы қаңтар құрбандарын үнсіздікпен еске алудан басталды
Сурет: Inform.kz

Бас прокурор Берік Асыловтың ауызша жауабы тыңдалып жатыр. 

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының қаңтар оқиғасына қатысты сауалына ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың ауызша жауабы тыңдалып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Осыдан тура бір жыл бұрын қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде жазықсыз жандар қаза болды. Бүгінгі жалпы отырысымызды қаңтар құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан бастауды ұсынамын», - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Парламент Мәжілісінде қаңтар оқиғасына қатысты Бас Прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігі арнайы көрме ұйымдастырды.

Атап айтқанда, былтыр қаңтарда полиция департаменттерінен, қару-жарақ дүкендерінен ұрланған қару мен оқ-дәрі және басқа да заттар көрмеге жеткізілген. Бұл қару-жарақтың барлығы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан адамдардан тәркіленген болатын.