Парламент Мәжілісі сайлауына жеті саяси партия қатысып жатыр

Парламент Мәжілісі сайлауына жеті саяси партия қатысып жатыр
сурет: Аlmaty-akshamy.kz

Кандидаттардың 38%-ы - әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар.

Тізімді «AMANAT» партиясы бастап тұр. Одан кейін «Ауыл», Respublica, Қазақстан Халық партиясы, «Байтақ» жасылдар партиясы, «Ақ жол» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы жалғайды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Партиялар көпшілікті өздерінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырған. «AMANAT» партиясы әлеуметтің әлеуетін көтеруді көздейді. «Ауыл» агрошаруашылықты түзеуге талпынады. Республикалықтар «Жаңа Қазақстанды» құрмақ ниетте. Қазақстан халық партиясы нағыз халықтық мемлекетті қалыптастыруды мақсат тұтқан. «Байтақ» партиясы бюджет саласындағы шешімдердің ашықтығына қол жеткізбекші. Ақжолдықтар әдеттегідей кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға атсалысады. Ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партия әлеуеметтік жауапкершілік үшін күреседі. Мәжіліс депутаттарының мандатына осы партиялар 281 үміткерді ұсынды. Бұл ретте кандидаттардың 38%-ы - әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар.