Парламент Мәжілісі «Масс-медиа туралы» заң жобасын талқылайды

Парламент Мәжілісі «Масс-медиа туралы» заң жобасын талқылайды
Сурет: ашық дереккөз

Парламент Мәжілісінің қарауына «Масс-медиа туралы» заң жобасы мен ілеспе құжат келіп түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Бұл құжаттар Үкіметтің заң жобалау жоспарына сәйкес әзірленді. «Масс-медиа туралы» заң жобасы осы саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Ілеспе заң жобасында үш кодекске және 12 заңға өзгеріс пен толықтыру енгізу жоспарланған. Әлеуметтік-мәдени даму комитеті аталған заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов палатаның жалпы отырысында.

Биыл мамыр айында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі аталған заң жобаларына қатысты пікір білдірген еді.

«Масс-медиа туралы заң журналистің құқығын айқындайды. Оның мәртебесін белгілеп, бекітеді. Біз, әрине, ол заңның да жетілуіне, жүруіне министрлік ретінде көмек көрсетеміз», - деді министр.