Парижде Эйнштейн қолжазбасы үш миллион долларға сатылады

Парижде Эйнштейн қолжазбасы үш миллион долларға сатылады
Сурет: 24.kz

Көне мұра бағаланды

Парижде Альберт Эйнштейннің қолжазбасы аукционға қойылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

Бұл 1913-1914 жылдары жазылған, 54 беттен тұратын туынды. Онда атақты физик ең басты ғылыми жетістігі - Жердің тартылыс күшінің теориясы туралы жазған.

Қолжазбаны Эйнштейнің әріптесі, швейцариялық инженер Мишель Бессо сақтап, ұрпағына аманаттаған екен. Мамандар бұл құнды дүние 3 милилон 400 мың долларға сатылуы мүмкін дейді.

Ал 1921 жылы Нобель сыйлығын алған Эйнштейннің өзі 1955 жылы 76 жасында қайтыс болған.

«Бұл Альберт Эйнштейннің ең маңызды қолжазбасы деп айтуымызға әбден болады. Осы теорияны қағазға түсіруде инженер Мишель Бессо екеуі бірігіп жұмыс істеген. Осы қолжазбаны оқығанда маған ерекше әсер еткені – Эйнштейн данышпан ретіндегі қолтаңбасының сақталуы. Ол бірінші есептен-ақ дұрыс теңдеуді тапқан», - деді Christie's аукцион-үйінің сарапшысы Винсент Беллой.