Өзбекстанда Президент өкілеттілігі 7 жылға ұзартылуы мүмкін

Өзбекстанда Президент өкілеттілігі 7 жылға ұзартылуы мүмкін
Сурет: Review.uz

Конституцияның тағдыры жалпыхалықтық референдумда шешілмек.

Қазақстанға көрші Өзбекстанда елдің Конституциясына өзгерістер енгізу туралы заң жобасы референдумға шығарылады. Құжат «Халық сөзі» газетінде жарияланды, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап

Қазіргі Өзбекстан Конституциясының 90-бабына сәйкес, Президенттің өкілеттілігі - 5 жыл. Әрі 1 адам 2 реттен артық бұл лауазымға сайлана алмайды.

Референдумда талқыға ұсынылған заң жобасы қабылданса, Президенттің мерзімі 7 жылға дейін ұзартылады.

Сондай-ақ Өзбекстанның ата заңында өлім жазасына тыйым салынғаны да жазылмақ. Бұл өзгерістер мен толықтыруларды, өзбекстандықтар шілденің 4-не дейін талқылайды, кейін жаңа Конституцияның тағдыры жалпыхалықтық референдумда шешілмек.