Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстандықтар көкпар мен жамбы атудан сайысқа түседі

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстандықтар көкпар мен жамбы атудан сайысқа түседі
Сурет: Inform.kz

Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бүгін қазақстандықтар көкпар мен жамбы атудан сайысқа түседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Көкпардан ел құрамасы бүгін Моңғолиямен сайысқа түседі. Қазақстандық көкпаршылар бұдан бұрын Өзбекстаннан 8:1 есебімен басым түскен болатын.

Сондай-ақ, ел құрамасы сапынан спортшылар жамбы атудан (ат үстінде садақ ату) жүлделерді сарапқа салады.

Спорттың аталған түрінен ел намысын Ералхан Айкөз, Абзал Тұлыбеков, Бақдәулет Бабажан қорғап жатыр.

«Сайыс 3 стиль бойынша өткізіледі. Оның 2-і түрік, 1-і венгр әдісі бойынша өтуде. Жарыстың екінші күнінде қабақ ату (түрік әдісі) бойынша қазақстандық спортшы күміс жүлдеге (кіші медаль) ие болды. Әлемнің 21 елінен келген 75 спортшы арасында жамбы атудан тұңғыш Әлем чемпионы Ералхан Айкөз қарсыласына сәл ғана айырмашылықпен есе жіберді», - деп мәлім етті Ұлттық спорт түрлері орталығынан.