Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауында дауыс беру басталды

Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауында дауыс беру басталды
Сурет: News.myseldon.com

19 миллион 593 мың 838 азамат дауыс беру құқығына ие.

Сайлауды өткізуге 174,1 миллиард сум жұмсалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сайлауда төрт үміткер бар. Олар:

- Экологиялық партия өз көшбасшысы Абдушүкүр Хамзаев,

- Халықтық-демократиялық партия Ұлықбек Иноятов,

- "Адолат" социал-демократиялық партиясы Жоғарғы сот төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Робахон Махмудова,

- "УзЛиДеП" партиясы қазіргі президент Шавкат Мирзиеев.

Сайлауда жеңіске жету үшін үміткер 50 пайыздан астам дауыс жинауы керек. ОСК сайлаудың алдын ала нәтижелерін 10 шілдеде жариялайды.