Елімізде жалған ақпарат таратқан 7 адам сотталды

Елімізде жалған ақпарат таратқан 7 адам сотталды
Сурет: Astana.sud.kz

Елімізде жыл басынан бері терроризм жөнінде жалған ақпарат бергені үшін жеті адам бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін жаза Қылмыстық кодекстің 273-бабында көзделген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ол үшін айыппұл немесе түзету жұмыстары, сондай-ақ 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

«Қылмыскердің қылмыс жасауы әртүрлі болуы мүмкін. Ол - кек алу, бұзақылық ниет, өзіне назар аудару. Алайда адамның қалжың ретінде ойланбай жасаған әрекеті үшін шынайы ауыр жаза қолданылатынын бұл жерде түсіндіргім келіп отыр», - дейді ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев.