Өткен тәулікте 279 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте 279 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

Коронавирус дертінен 1 адам қайтыс болған

Қазақстанда өткен тәулікте 279 адамнан коронавирус анықталып, 2 адам аталған дерттен жазылып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, өткен тәулікте коронавирус дертінен 1 адам қайтыс болған.

«15 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 008 адам коронавирус инфекциясынан (–1 897+ және 111 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 308 пациент стационарда, 1 700 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда»,-делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 13 адамның жағдайы ауыр, 1 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді.

14 желтоқсандағы мәлімет бойынша, елімізде 235 адамнан коронавирус анықталса, 13 қарашадағы бұл көрсеткіш 155 адамды құрады.