«Отау» бағдарламасына кімдер қатыса алады?

«Отау» бағдарламасына кімдер қатыса алады?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Отбасы банк «Отау» жаңа тұрғын үй бағдарламасы басталатынын мәлім етті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Бағдарлама  осы жылдың 1 наурызында іске қосылмақ. Сол күннен бастап 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) көпшілік  «Баспана маркет» (otbasybank.kz) порталында бағдарламаға қатысу туралы өтініш жолдай алады. Өтінішті кез келген уақытта беруге болады.

«Отау» бағдарламасына кімдер қатыса алады?

1. Отбасы банк салымшылары («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы), оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады;

2. Үміткердің жинақ шоты ең кемі 18 айлық болуы керек;

3. Өтінім беру сәтінде депозиттегі жинақ сомасы 1 млн теңгеден кем болмауға тиіс;

4. Қатысушы жасы 18-ден 63 жасқа дейін (қоса алғанда);

5. Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлік болмауы керек;

6. Алматы және Астана қалаларынан тұрғын үй алатын жағдайда аталған қалаларда тұрақты тіркеу болуы қажет.