ОПЕК сарапшылары келер жылы мұнайға деген сұраныс азаятынын болжап отыр

ОПЕК сарапшылары келер жылы мұнайға деген сұраныс азаятынын болжап отыр
Сурет: Ria.ru

Ұйымның айтуынша, шикізатқа деген сұранысқа індетке байланысты проблемалар мен геосаяси факторлар әсер етуде.

2023 жылы мұнайға деген әлемдік сұраныстың қарқыны 2022 жылмен салыстырғанда баяулайды. ОПЕК ұйымы осындай болжам жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап. 

ОПЕК келесі жылы сұраныс көлемі бір тәулікте 2,7 млн баррельге артады деп топшылап отыр. Биылғы болжам – бір тәулікте 3,4 млн баррель.

Мұнай альянсы бұл болжам COVID-19 пандемиясын тежеуге бағытталған шаралардың тиімділігі мен және жаһандық экономиканың өсіміне негізделген деп мәлімдеді.

Ұйымның айтуынша, шикізатқа деген сұранысқа індетке байланысты проблемалар мен геосаяси факторлар әсер етуде.

Сонымен қатар ОПЕК-тің баяндамасында 2023 жылы әлемдік ЖІӨ 3,2%-ға артатыны, пандемияның, Шығыс Еуропадағы геосаяси жағдайдың және жаһандық қаржылық саясаттың өсу динамикасына теріс әсер етпейтіні жазылған.