Олимпиадада 109 медаль сарапқа салынады

Олимпиадада 109 медаль сарапқа салынады
Сурет: ҰОК

Айтулы сынға әлемнің 90-нан астам елінен спортшылар қатысады.

2022 жылғы Қысқы Олимпиадада спорттың жеті түрінен 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай астанасы Жазғы және Қысқы Олимпиада ойындарын қабылдаған алғашқы қала болады. Жарыс Бейжің орталығы, Яньцинь және Чжанцзякоу секілді үш аймақта өтеді.

Бейжіңде керлинг, хоккей, конькимен жүгіру спорты, ерлер мен әйелдер арасындағы сноубординг, шаңғы фристайлындағы биг-эйр бәсекелерін қабылдайды. Ал астана маңында орналасқан Яньциньде шаңғы, бобслей, скелетон және шана спортында медальдар жүлделері сарапқа салынады. Хэбэй провинциясында орналасқан Чжанцзякоу қаласында сноубординг, шаңғы спортының барлық түрі және биатлон жарыстарын қабылдайды.

Ойындар «Таза мұз бен қардағы қуанышты күн» ұранымен өтеді және 2008 жылғы Жазғы Олимпиада мұрасына сүйенеді. Айтулы сынға әлемнің 90-нан астам елінен спортшылар қатысады. Дәл қазір 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтуде.