Оқу ақысының орнына пластик бөтелке

Үндістанда ата-аналар балаларының оқуының ақысын пластик бөтелкемен төлей алады. Бұл елде табыс көзі тым төмен отбасыларға арналған инновациялық бағдарлама бар. Аталған бағдарламаға сәйкес, ата-аналар оқу ақысын пластикпен төлейді.

«Мектептегі білімге арналған пластик» бағдарламасын «Акшар» қоры бастады. Қазіргі таңда ол БҰҰ-ның қоршаған орта туралы ЮНЕП бағдарламасымен бірге іске асып отыр. Осылайша оқушылар қолжетімді білім ғана алып қоймай, жиналған пластик кірпішке айналып, қоршаған орта тазара түсуде.

– ЮНЕП өкілдері хабарласқан соң, бұл бастама туралы білдік. Біздің студенттеріміз үшін әлемдік күреске қатысуға тамаша мүмкіндік деп ойлаймыз. Сондай-ақ, біздің студенттеріміздің ЮНЕП-тен өздерінің еңбегін айғақтайтын сертификат алатынына қуаныштымыз, – дейді қор негізін салушы Акшар Мазин Мухтар.

Дайындаған Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *