О дүниеде жатып та сыйақы алуға болады

О дүниеде жатып та сыйақы алуға болады
Сурет: ашық дереккөз

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің филиалдарында заңсыз есептеу фактілері анықталды

Көлік прокурорлары "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің филиалдарында қаржыландыруға жатпайтын 742 адамға 10 млн теңгеден астам сомаға сыйақылар мен төлемдерді заңсыз есептеу фактілерін анықтаған. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  

Оның айтуынша кәсіпорынның Ақмола филиалы өмірден жеті жыл бұрын өткен зейнеткер атына ақшалай қаражат аударып отырған.

Бұдан бөлек, Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы ата-анасын теміржолшы зейнеткері ретінде заңсыз тізімге қосып, оларға бес жыл бойы 1 млн теңгеден астам сомаға жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен сыйлықақыларды беріп отырған.

Қазіргі кезде заңсыз төлемдерді қайтару бойынша шаралар қабылдануда.

Сонымен қатар, аудиторлық тексерулер тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.