«Педагогикалық сыныптар» жобасы жалғасын тапты

«Педагогикалық сыныптар» жобасы жалғасын тапты Сурет: Bilim.expert

2 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп Алматы қаласы Білім басқармасының жалпы білім беретін мектептерінің директорларымен кездесті.


Кездесуге университеттің академиялық мәселелер жөніндегі департаменті мен педагогика кафедрасының меңгерушісі Ш. Колумбаева, Алматы қаласы Білім басқармасының мектептерінің басшылары мен педагогика сыныптарында сабақ беретін профессор-оқытушылар құрамы қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Кездесуде университетіміздің Басқарма-төрағасы мектеп директорларын  кәсіби мереке – Мұғалімдер күнімен құттықтап, бүгінде еліміздің жоғары білікті педагогтарға деген сұранысының жоғары екенін атап өтті. Міне, осы тұрғыдан келгенде орта мектеп пен Абай университетінің бірлесе жүргізіп отырған бұл жобасы өте өзекті деп санаймын. Осы жобаның жүзеге асуына мұрындық болып, университетімізбен әріптестік орнатқандарыңыз үшін Сіздерге алғыс білдіремін», – деді ректор Болат Тілеп.



Бұл бастаманы біз былтырғы оқу жылында үлкен пилоттық жоба ретінде қолға алған едік. Ондағы мақсат Алматы қаласының Білім басқармасымен бірлесе отырып қаланың екі мектебінен педагогикалық мамандықтарға икемі бар жоғары сынып оқушыларын ұстаздыққа бейімдеу болатын. Нәтижесінде Абай университеті аталған мектептерде орталықтар ашып, білікті профессор-оқытушыларымыздың көмегімен мектеп оқушыларына жыл бойы білім беріп, жекелеген пәндерден тапсырмалар дайындап, үнемі бақылап отырды. Бұл да ертеңгі ұрпақ қамы үшін Абай университетінің қолға алып отырған игі бастамасы еді.  Аталған бастама Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде іске асырылған болатын.


Сондай-ақ басқосуда педагогика кафедрасының меңгерушісі Шолпан Колумбаева педагогикалық сынып оқытушыларын таныстырып, қолға алынған жұмыстар бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.



 


Кездесуде мектеп директорлары университет тарапынан қолға алынған жобаға қатысуға үлкен қызығушылық танытты. Өскелең ұрпақты «Ұстаз» болуға бейімдейтін бұл жобаның мектеп оқушылары үшін берері мол. Бұл салада сіздердің білікті мамандарыңызбен тәжірибе алмасу бізге үлкен мүмкіндіктер береді, – деп келген қонақтар университет ректорына алғыстарын білдірді.



 


Кездесу соңында Абай атындағы ҚазҰПУ мен Алматы қаласының 13 мектебі арасында «Педагогикалық сыныптар» жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08