Нұрлан ОРАЗАЛИН, ақын, қоғам қайраткері: Халық қауіпсіздігі – басты құндылық

Нұрлан ОРАЗАЛИН,  ақын, қоғам қайраткері: Халық қауіпсіздігі – басты құндылық
сурет: Ult.kz

Халықтың бірлігін ұйыстырып отыратын елдігіміздің үлкен белгісі ол мемлекеттік тұтастық болып табылады.

Кешегі қайғылы оқиға тек Жамбыл облысының тұрғындарының басына біткен қасірет емес. Ол – әр қазақстандықтың жүрегін сыздататын жағдай. Осыған орай Президентіміздің бұл күнді қаралы күн деп қарастыруы өте орынды әрекет. Әрі заңды құбылыс. Осындай қиын кездерде біздің халық ретінде, ұлт ретінде тұтастығымыз бен бірлігіміз сынға түседі. Басына бұлт төнгенде жан-жақты қолдау көрсету арқылы жанашыр елдің бар екенін байқатып, біртұтас мемлекет ретінде сезіндірді. Ұлт ретінде біздің бірге екенімізді жамбылдық ағайындар сезіну керек. Қаралы күн деп жариялануы – жауапкершіліктің нышаны. Қасиетті Тараз шаһарының халқына біз сіздермен біргеміз дегім келеді. Мұндай жағдай халық қауіпсіздігі үшін жауапкершілікке үндеп, сол жолдағы әрекеттерді таразы басына қойып сараптайтын сәт деп қаралуы тиіс. Өйткені, мемлекетіміздің басты құндылығы  ол халықтың  қауіпсіздігімен өлшенеді.