Қазақстан Әзірбайжандар қауымдастығы: Біз сіздермен бірге қайғырамыз

Қазақстан Әзірбайжандар қауымдастығы: Біз сіздермен бірге қайғырамыз
сурет: Kznews.kz

Қаза болған батырлар халық жадында мәңгі қалады. 

Бүгін Қазақстанда Жамбыл облысының Байзақ ауданында болған қайғылы оқиғаға байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні, деп хабарлайды Almaty.akshamy.kz.

Бұл апат біздің еліміздің тұрғындарын біріктіріп, барлық қазақстандықтардың жүрегіне ауыр тиді. Зардап шеккендерге азаматтық қоғам мен өнер өкілдері, саясаткерлер мен бизнесмендер қолдау көрсетеді. Қайғыға ортақпыз.
Түрлі қоғамдық бірлестіктер мен қауымдастықтар да шетте қалмайды.

Қазақстан Әзербайжандар қауымдастығы өз халқымен бірге екендігін жеткізді. 

«ҚР Президенті 29 тамызды Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында адам өліміне әкеп соққан қайғылы оқиғаға байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Қазақстан Әзірбайжандар қауымдастығының атынан қаза тапқан батырлардың – әскери қызметшілер мен құтқарушылардың туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Олар біздің жүрегімізде және халықтың жадында мәңгі қалады. Біз сіздермен бірге қайғырамыз. Иманды болсын», - деп жазылған қауымдастықтың Facebook-тегі ресми парақшасында.