Нигерияда 500 адам түрмеден қашып кетті

Нигерияда 500 адам түрмеден қашып кетті
Cурет: Ашық дереккөз

Содырлар түрменің қабырғасын жарып жіберген

Нигерияның Ойо штатындағы түрмеге белгісіз қарулы топ шабуыл жасап, 500-ден аса адамды босатқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz "Хабар24" телеарнасына сілтеме жасап.

Содырлар алдымен абақты күзетшілеріне оқ атып, кейін оның қабырғасын жарылғышпен жарып жіберген. Сөйтіп 800-ге жуық сотталушы қашып шыққан. Бірақ колония қызметкерлері артынан 260-тан астамын қайта ұстады.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2007 салынған бұл түрме 160 адамға шақталған. Бірақ оқиға кезінде онда 900-ден аса адам жазасын өтеп жатқан екен.