Су добынан Ресей чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасы жеңіске жетті

Су добынан Ресей чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасы жеңіске жетті
Cурет: Olympic.kz

Қазақстан құрамасы Синтез командасымен кездесті

Су добынан Қазақстан құрамасы ерлер командалары арасындағы Ресей чемпионатына қатысып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресей чемпионаты аясында ерлер командалары арасында 6 кезең ойындары өтті. 

Додаданың кезекті кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы екі ойын өткізді. Қазақстан құрамасы Синтез командасымен кездесті. Екеуара кездесудің екі ойыны да Қазақстан үшін сәтті аяқталды. Бірінші кездесуде ел құрамасы қарсыласты 20:9 ұпайымен жеңсе, екінші ойын 19:4 есебімен отандастарымыздың еншісіне шешілді.