Наурызбай ауданында жыл соңына дейін 300 бейнебақылау камерасы орнатылады

Наурызбай ауданында жыл соңына дейін 300 бейнебақылау камерасы орнатылады
Сурет: Turkystan.kz

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аудан аумағын бейнебақылау камераларымен қамту мақсатында 300 камераны орнату жұмыстары басталды.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Наурызбай ауданы тұрғындарымен өткен кездесуінде белгілі болды. 

Бұл жұмыстар осы жылдың соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«2023 жылдың I тоқсанында 369 камераға есептелген қазіргі 36 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешеніне (21 - желілік учаскелерде, 15 - көше қиылыстарында) қосымша 205 камераға есептелген 20 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені (19 – желілік учаскелерде, 1 – жол қиылысында) орнатылады», - деді қала әкімі Ерболат Досаев.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 1,8 млрд. теңгеге барлығы 47 жоба орындалды. "Ақжар" шағынауданындағы  және "Қалқаман" шағынауданындағы скверлер, Қонаев көшесіндегі ұзындығы 1,2 км серуендеу аймағы, "Мейрам" шағынауданындағы жаяу жүргіншілер аймағы, т.б. абаттандырылды.

Барлығы 21 қоғамдық кеңістік учаскесі және жол инфрақұрылымы бойынша 26 жоба абаттандырылды.

Келесі жылы дауыс беру қорытындысы бойынша берілген 129 ұсыныстың ішінен 1,8 млрд. теңгеден астам сомаға 45 жоба алдын ала іріктеп алынды.