Наурызбай ауданында 9 шақырым арық салынады

Наурызбай ауданында  9 шақырым арық салынады
almaty-akshamy.kz

 Алматының Наурызбай ауданындағы 10 көшеде 2024 жылы 9 шақырым арық салынады

Алматыда 2024 жылы Қалқаман, Қарағайлы және Шұғыла шағын аудандарының  10 көшелерінде 9 арық салу жоспарлануда. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Қала басшысы 2023 жылы "Алма Сити-3" ТК су басу учаскесі жойылғанын, 600 метр арық желісі салынғанын атап өтті. Жалпы Наурызбай ауданы бойынша 5 көшеде 6,6 шақырым арық салынды.

Сонымен қатар, 2023 жылдың тамыз айында жасыл желектерді уақтылы күту мақсатында 4 учаскеде ұзындығы 4 км автоматтандырылған суару жүйесі салынды, "Биыл тағы 20 учаскені қамтуды жоспарлап отырмыз", - деп толықтырды Ерболат Досаев.