Наурызбай ауданында 5 балабақша салынады

Наурызбай ауданында 5 балабақша салынады
almaty-akshamy.kz

Мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын төмендету мақсатында 1520 орындық 5 балабақша салу және жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Осы жылдың мамыр айының соңына дейін Шұғыла шағын ауданында («Әлем Сити – 3»ТК) 320 орындық балабақшаны пайдалануға беру жоспарлануда.

Биыл ақпан айында 640 орындық тағы 2 балабақша құрылысы Құрамыс шағын ауданында (320 орын) және Шұғылада («Нұрлы Дала» ТК) (320 орын) басталды. ҚМЖ аяқталу мерзімі - 2024 жылғы желтоқсан.

Сондай-ақ, осы жылдың маусым айында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуды және осы жылдың қыркүйегінде Қалқаман шағын ауданында (240 орын) және Шұғылада («Әлем сити» ТК) (320 орын) 560 орындық тағы 2 балабақша салу  жоспарланып отыр.