Наурыз айында күн жылына ма?

Наурыз айында күн жылына ма?
Сурет: Moyaokruga.ru

Кей өңірлерде 20 градусқа дейін жылы болады деп күтіліп отыр.

Қазақстандық синоптиктер көктемнің алғашқы айына болжам жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Қазгидромет» мамандарының айтуынша, Қазақстанның көптеген аймағына күнтізбелік көктем белгіленген мерзімде келеді,

Алдын ала болжам бойынша, наурыз айы жылы және жауын-шашынды болады. Ауа температурасы республиканың басым бөлігінде климаттық нормадан 1-2 пайызға жоғары, Атырау облысының батысында және солтүстік-батысында нормаға жақын болады деп болжанып отыр.

Наурыздың кей күндерінде еліміздің солтүстігі мен шығысында күндіз ауа температурасы 10 градустан 20 градусқа дейін көтеріледі деп күтіліп отыр.

Наурыздағы жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жақын болады. Солтүстік Қазақстанның басым бөлігінде, БҚО, Қостанай, Ақмола облыстарында және Ақтөбенің солтүстігінде жауын-шашын нормадан артық жауады. Солтүстікте және шығыста аралас, елдің оңтүстігі мен батысында орташа деңгейде жауады.