Науқас балаларға «Қазақстан халқына» қоры экзоскелет сатып әпереді

Науқас балаларға «Қазақстан халқына» қоры экзоскелет сатып әпереді
Сурет: Тrend.az

Бұл балалардың қоғамда әлеуметтенуі үшін өте маңызды.

Бағдарлама балаларға тиімді оңалту, осы диагноздармен қатар пайда болатын аурулардың даму қаупін азайту, физикалық және психо-эмоционалдық әл-ауқатын жақсарту мүмкіндігін береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазақстан халқына» қоры тірек-қозғалыс аппаратында ақауы бар балаларды роботтандырылған құрылғылармен (экзоскелет) қамтамасыз ету бойынша қайырымдылық бағдарламасын іске қосты.

Бұл балалардың қоғамда әлеуметтенуі үшін өте маңызды. Техникалық оңалту құралдарын, оның ішінде экзоскелеттерді балалары үшін қажет ететін ата-аналардан 300-ден астам өтініш келіп түсті. Бағдарлама аясында жыл соңына дейін 13 экзоскелет шығару жоспарланса, оның 4-еуі бойынша өлшеу жүргізіліп, өндіріс процесі іске қосылды.

Экзоскелет – церебральды сал ауруы, ми жарақаты, жұлын жарақаттары, параплегия, бұлшықет дистрофиясы, Ретт синдромы және басқа да аурулармен ауыратын балалардың өз бетінше қозғалуына көмектесетін заманауи, жоғары технологиялық және тиімді оңалту құралы.