Науқан барысында шетелдік неше көлік заңдастырылды?

Науқан барысында шетелдік неше көлік заңдастырылды?
Сурет: Inbusiness.kz

Қазақстандық есепке 206 мыңға жуық шетелдік автокөлік қойылды.

Бұл туралыОрталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Заңдастырылған автокөліктер едәуір саны Қазақстан бір Кеден одағында болатын үш елге тиесілі. Бұл Ресейден әкелінген автомобильдер - 132 929, Армения – 37 113, Қырғызстан – 21 601. Алматы қаласында – 21 115 , Ақтөбе облысында – 20 876, Шымкент қаласында – 15 145, Батыс Қазақстан облысында-14 204, Атырау облысында – 14 197, Қызылорда облысында – 13 695 автомобиль тіркелді», - деді Қайсар Сұлтанбаев.

 Айта  кетейік,  шетелден жеткізілген көліктерді заңдастыру қаңтар айында басталды. Көліктерді тіркеуге құжат  1 шілдеге дейін қабылданды.