Мәжіліс спикері Венадағы парламенттер спикерлерінің Бесінші дүниежүзілік конференциясына қатысады

Мәжіліс спикері Венадағы парламенттер спикерлерінің Бесінші дүниежүзілік конференциясына қатысады
Сурет: Іnbusiness.kz

Келелі кеңес

Қазақстанның Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған парламенттік делегация 6-8 қыркүйек аралығында Вена қаласында өтетін Бесінші дүниежүзілік парламенттер спикерлерінің конференциясына қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Парламентаралық Одақ, Австрия Парламенті БҰҰ-мен өзара іс-қимыл кезінде ұйымдастырған форумда парламентшілер пандемиядан кейінгі даму, оның ішінде климаттың өзгеруімен күресу және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін экономиканы реформалау туралы пікір алмасады.

Парламент өкілдері көп жақты қатынастарды нығайту, бейбітшілік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін диалог, өзара түсіністік және ынтымақтастық қағидаттары негізінде негізгі парламенттік іс-қимылдарды анықтайды. Осы тақырыпта өткізілетін интерактивті жалпы пікірталастарда Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің сөз сөйлеуі жоспарланған. Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулиннің Еуропа және Азия парламенттерінің, халықаралық парламенттік ұйымдардың басшыларымен, сондай-ақ ұлттық делегациялардың өкілдерімен екі жақты кездесулері қарастырылған.

Парламент спикерлерінің әрбір бес жыл сайын өткізілетін Дүниежүзілік конференциясы қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік даму, халықаралық құқық және адам құқықтары, демократия және гендерлік теңдік мәселелерін талқылауға арналады.