Мұнай бағасы рекордты деңгейде құлдырағаннан кейін қайта көтерілді

Мұнай бағасы рекордты деңгейде құлдырағаннан кейін қайта көтерілді
Сурет: Eadaily.com

1%-дан астамға қымбаттады. 

Дүйсенбі күні мұнай бағасы 1%-дан астамға қымбаттады, өйткені АҚШ-ты қамтамасыз ететін негізгі құбыр әлі жабық және Ресей Батыс елдерінің экспорт бағасын төмендетеміз дегеніне жауап ретінде өндірісті қысқартатынын айтып қорқытты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Дүйсенбі күні Астана уақыты бойынша сағат 10:30-ға дейін Brent маркалы мұнай фьючерстері 41 центке немесе 0,5% - ға өсіп, бір баррелі 76,51 долларға жетті.

West Texas Intermediate маркалы америкалық мұнай барреліне 71,55 доллар деңгейінде саудаланды. Бұл бұрынғы бағалардан 53 центке немесе 0,8%-ға жоғары.

Дүйсенбіде Brent және WTI бағасы өсті. Айта кетейік, өткен аптада екі мұнай маркасы 2021 жылдың желтоқсанынан бастап ең төменгі деңгейге түсіп кеткен еді.

Оған ықтимал жаһандық рецессия мұнайға сұранысқа әсер етеді деген қауіп себеп болды.

«Мұнай бағасы өсіп жатыр, өйткені Keystone мұнай құбыры жабық, Қытай COVID-ты бақылауды жеңілдетті және Ресей өндірісті қысқартуы мүмкін деген қауіп бар», - деді OANDA компаниясының аға нарық талдаушысы Эдвард Моя.

Қуаты тәулігіне 622 мың баррельді құрайтын Keystone мұнай құбыры – маңызды артерия, ол канадалық ауыр мұнайды Альберта провинциясынан АҚШ-тың орта батысындағы және Мексика шығанағы жағалауындағы мұнай өңдеу зауыттарына жеткізеді.

Сонымен қатар, әлемдегі ең ірі шикі мұнай импорттаушысы Қытай өзінің коронавирусқа қарсы қатаң саясатын жеңілдетіп жатыр.

Осыған қарамастан, Бейжіңдегі көшелер тыныш, көптеген кәсіпорындар осы демалыс күндері жұмыс істемеді, ал тұрғындар қалыпты жағдайға оралуға әлі көп уақыт қажет дейді.

Жұма күні Ресей президенті В. Путин әлемдегі ең ірі энергия ресурстарын экспорттаушы өзінің елі өндірісті қысқартып, G7 елдері келіскен Ресей экспортына «ойға қонымсыз» баға шегін белгілеп, кез келген мемлекетке мұнай сатудан бас тартуы мүмкін екенін мәлімдеді.