Мұнай бағасы 105 доллардан асты

Мұнай бағасы 105 доллардан асты
Сурет: Oilcapital.ru

Brent мұнайының құны 8,43% өсті.

Лондон ICE биржасында биылғы сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны - 8,64%, барреліне 105,21 долларға дейін өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Мәскеу уақыты бойынша сағат 13:12-дегі жағдай бойынша Brent мұнайының құны 8,43% өсіп, барреліне 105 долларға жетті. 

Мәскеу уақытымен 13:14-те Brent мұнайының құны барреліне 105 доллардан асып, барреліне 105,04 долларға дейін өсті (+8,47%). 

Brent мұнайының бағасы соңғы рет 2014 жылдың тамызында баррелі 105 доллардан асқан болатын.