Елімізде 1,5 мың адам коронавирустан емделіп жатыр

Елімізде 1,5 мың адам коронавирустан емделіп жатыр
Сурет: Ашық дереккөз

7 адамның жағдайы ауыр

Елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 51 адамнан, коронавирус белгілері бар пневмония 7 адамнан анықталды. Пневмониядан 1 науқас қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

7 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 1 520 адам (коронавирустан (КВИ+) –1 372, пневмониядан (КВИ-) – 148) емделуде. Олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 399 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 7 адамның жағдайы ауыр. Айта кетейік, 5 ақпанда коронавирус 33 адамнан анықталған.