Мұхит Әзірбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Мұхит Әзірбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ол бүгінге дейін құрылыс және энергетика мәселелеріне жетекшілік еткен болатын.

Мемлекет басшысының биылғы наурыздағы Жолдауында айтылған тапсырмаларына сәйкес және Үкімет қаулысына сәйкес облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінде мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру мақсатында 21 қыркүйектен бастап 2022 жылы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев өз қалауы бойынша қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мұхит Әзірбаев 2019 жылдың сәуір айынан бастап Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, құрылыс және энергетика мәселелеріне жетекшілік етті.